"Ауыр атлеттерге допинг берген". Бұрынғы бас бапкер өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді

1500
Adyrna.kz Telegram

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілгені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.

Бапкер өмірінің соңына дейін спорт саласындағы жарыстарға қатыса алмайды, жетекшілік етуге де құқығы жоқ. Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) осындай шешім қабылдаған.

Алексей Ниге ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтарға допинг берді деген айып тағылды. ITA-ның соңғы шешімі осындай болды.

Бұрынғы бас бапкер Алексей Нидің кезінде Қазақстан допинг сынамасын қайта тексеріп, Олимпиаданың 5 алтынынан айырылған болатын.

Пікірлер