Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

838
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғиса Әділетұлы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Olympic.kz мәліметінше, зілтемірші 96 келіге дейінгі салмақта алтын медальді жеңіп алды.

Нұрғиса 388 (174+214) келіні бағындырды. Бұл нәтиже әлем чемпионатын бірінші орынмен аяқтауға жеткілікті болды.

Реваз Давитадзе (Грузия) күміс жүлдені жеңіп алды - 387 (177+210) келі. Үздік үштікті 387 (173+214) келімен ирандық Али Алипур түйіндеді.

Пікірлер