АҚШ-тағы президент сайлауы. Алғашқы экзитпол нәтижелері белгілі болды

656
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

АҚШ-тың алты штатында сайлау учаскелері жабылды. деп хабарлайды "Адырна" қлттық порталы CBS News-ке сілтеме жасап.

Шығыс уақыты бойынша сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 05:00-де) Джорджия, Индиана, Кентукки, Оңтүстік Каролина, Вермонт және Вирджиния штаттарында сайлау учаскелері жабылды.

Солтүстік Каролина, Огайо және Батыс Вирджиния штаттарында сайлау учаскелері шығыс уақыты бойынша 19:30-да жабылады. Гавайи мен Аляскада сайлау учаскелері ең кеш жабылады деп хабарланды, онда дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де аяқталады.

Edison Research АҚШ-тағы алғашқы ұлттық экзитпол деректеріне сүйенсек, ел бойынша сайлаушылардың 44 пайызы Трампқа оң көзқараста екенін білдірген, ал Харриске 48 пайызы қолдау көрсеткен.

Edison Research экзитполының нәтижелері бойынша шайқас аймақтарында Невада мен Пенсильванияда Трамп жеңіске жетіп отыр, бұл штаттардың әрқайсысында оның 47 пайыздық қолдауы бар.

Висконсин (47 пайыз), Джорджия (49 пайыз), Мичиган (48 пайыз) және Солтүстік Каролинада (43 пайыз) Харрис жеңіске жетіп отыр. Аризонада екі кандидат та 46 пайыздық қолдауға ие болды.

АҚШ-та президент сайлауы өтуде, оның басты кандидаттары - республикалық партиядан Дональд Трамп және демократиялық партиядан Камала Харрис. Бұл - ел тарихындағы 60-шы президент сайлауы, онда 47-ші президент сайланады.

Алдағы сайлауда америкалықтар жаңа президентті ғана емес, сондай-ақ вице-президентті, Конгресстің 468 мүшесін, 11 штаттың губернаторларын және жергілікті билік органдарына өкілдерді де таңдайды.

Пікірлер