Тағы да шатасу. Путин Ердоғанның аты-жөнін қате оқыды

1137
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ресей басшысы Владимир Путин БРИКС саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның есімін шатастырды. Тиісті видеоны Агентство ақпарат көзі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Путинге Түркия президентін таныстыру үшін оның толық аты-жөнін айту қажет болған. Ол тек үшінші айтқанда ғана Түркия басшысының аты-жөнін толық айта алған. 

Айта кетейік, қазан айының басында 72 жасқа толған Путиннің  атауларды, әсіресе, өзінің өзге елдердегі әріптестерінің есімін дұрыс атай алмайтын кездері жиі кездеседі. Оның жаңылыс сөйлегені жайында Кремль ешқашан түсінік берген емес. Ол көбіне өзі жиі сапарлайтын және жиі бас қосатын Орталық Азия президенттерінің ресми аты-жөнінен шатасып жүреді.

Әсіресе, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атын бірнеше рет бұрмалап айтқан.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл  кездейсоқ емес және Ресейдің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасына да әсер етуі мүмкін.

Пікірлер