Милад Карими Каирдегі Әлем кубогында жеңіске жетті

2297
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Olympic.kz
Сурет: Olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Каирде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды. Финалда Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, бұл – Әлем кубогының соңғы кезеңі. Жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша бірінші орынға ие болды. 28 сәуірде ол қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді. Сондай-ақ 27 сәуірде ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін таласады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер