Бұқар жырау ауданының әкімі тағайындалды

900
Adyrna.kz Telegram

Президент әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ерлан Құсайын Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Ерлан Құсайын әлеуметтік желідегі парақшасында аудан тұрғындарының бірқатар өзекті мәселесімен таныс екенін жеткізді.

«Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды. Мен аудан тұрғындарының бірқатар өзекті мәселелерімен таныспын. Өкілетті органдармен бірлесіп шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бар күшімді саламын. Ең алдымен, маған сіздердің қолдауларыңыз қажет. Мен сіздердің ұсыныстарыңызға және кері байланыстарыңызға әрдайым ашықпын»,—деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы Ерлан Құсайынды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тілейді.

Пікірлер