"Хасанның бауыры". Талғар әкімі аппаратының басшысы қызметтен кетті

4085
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Талғар қаласында 16 жасар Шерзат Болаттың өлімінен кейін, әлеуметтік желілерде және кейбір ақпарат құралдарында Талғар ауданы әкімдігі аппарат басшысының осы қылмысты жасағандармен байланысы туралы ақпарат тарады. Нақтырақ айтқанда, аппарат басшысы Аслан Қасымбаев «хуторлық Хасан» деген атпен танымал қылмыстық тұлғаның туған бауыры екені айтылған еді.

Сонымен қатар, аудан әкімі мен оның орынбасарына сөгіс жарияланды.

«Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат Есенкелдіұлы мен оның орынбасары Бидаев Айбек сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Талғар ауданының әкімдігі.

Пікірлер