Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

926
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 11 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, Санжар Әділов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. ІІМ Тергеу департаментінің бастығы, 2023 жылдың мамыр айынан бастап күні бүгінге дейін Қарағанды облысы ПД бастығы болды.

Пікірлер