Назарбаевтың серігі Әбіқаев волейбол федерациясындағы қызметінен кетті

1067
Adyrna.kz Telegram
Сурет: volley.kz
Сурет: volley.kz

26 жыл бойы Волейбол федерациясын басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың серігі, ҰҚК бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев қызметінен кетті. Енді бұл міндетті Қаржы министрі Мәди Тақиев атқарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

27 қазанда Алматыда өткен федерацияның қорытынды есеп беру конференциясында ұйымның жаңа президенті таныстырылды. Мәди Тақиев делегаттарға сенім білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, Нұртай Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті болып, ҚВФ қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынды.

«Құрметті достар, әріптестер, меймандар, волейбол қоғамының өкілдері! Федерацияны басқару міндетін жаңа жетекшілерге өткізу уақыты келді. Біз 30 жылдық жолды артқа тастап, волейбол еліміздегі олимпиадалық спорт түрлері арасында көшбасшы екенін мақтан тұтамыз. 2028 жылға қарай отандық волейбол 100 жылдығын атап өтеді. Осы уақытта Федерация жаңа жеңістер мен жетістіктерді тіркейді деп үміттенемін. Біз қол жеткізген жетістіктеріміз тарихта мәңгі қалады, ал жаңа жетекшіліктің міндеті – оны одан әрі арттыру»,–деді Нұртай Әбіқаев.

Айта кетейік, Мәди Тақиев федерацияны 2024-2028 жылдар аралығында басқарады.

Пікірлер