Қарағанды және Павлодар облыстарының шекарасында 3 мың гектар өртке оранды

887
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Бүгін Қарағанды ​​облысы, Қарақаралы ауданы, Қоянды ауылы маңында құрғақ 40 га шөп өртенді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Сөндіру барысында өңірдің ТЖД екі қызметкері, өртке қарсы ерікті құрлымның бір қызметкері және ауыл тұрғыны зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Түстен кейін өрт Павлодар облысының шекарасынан "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің" ормансыз аумағына өтті. Өрттің салдарынан Желтау ауылының 18 тұрғыны эвакуацияланды.

ҚР ТЖМ Командалық орталығында штаб ашылды. Мұнда ТЖ жөніндегі вице-министр Еран Нұрпейісов және Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бар. Өрт орнында 183 адам, 56 бірлік техника және 4 тікұшақ жұмыс істеуде.

"Өртті сөндіру қатты екпінді желмен, таулы жерлермен және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауымен қиындайды", – деп хабарлады ТЖМ.

Пікірлер