Алматы тұрғыны бірге тұрған әйелді өртеп жіберген

1536
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Алматыда ер адам үйіне мас боп келіп, бірге тұрған әйелді бензин құйып, өртеп жібергені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, 20 қарашада Алматы облысының кенттерінің бірінде екеуі ішімдік ішкен. Содан кейін олардың арасында жанжал болған. Мас күйінде ер адам әйелдің үстіне бензин құйып, содан кейін оны өртеп жіберген.

«Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Қазір қылмыстың барлық мән-жайлын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деді ведомство.

Әйел термиялық күйіктерімен ауруханаға жатқызылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер