Грекияда сегіз қазақстандық азамат орман өртеді деген күдікке ілінді

1217
Adyrna.kz Telegram

Грекиядағы 8 қазақстандыққа орман өртеді деген айып тағылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Грекияның Ekathimerini басылымына сілтеме жасап. 

«Грекия прокуратурасы өткен аптада Сароник аралындағы Гидрада болған өрт салдарынан жеке жалдамалы яхтада болған сегіз қазақстандыққа айып тағып отыр», - делінген хабарламада.

Яхтада тағы екі бала болғаны айтылған, оларға ешқандай айып тағылмаған. Шетелдік БАҚ Грекия билігі яхтаны жалға алушылардан жауап алуға үлгермегендіктен Қазақстаннан көмек сұрағанын жазады.

«Қылмыстық іс қозғауға өрт орнында табылған жаңа дәлелдер себеп болды. Өрт сөндірушілер өрт шыққан шығанақта отшашулардың қалдықтарын тапқаны хабарланды. Бұл уақытта яхта капитаны мен бірінші көмекшісі ұсталды, ал ұсталған басқа экипаж мүшелері шектеулермен кепілге босатылды», - деп жазды журналистер.

Пікірлер