«Семей орманы» аумағында тағы бір өрт шықты

1039
Adyrna.kz Telegram

«Семей орманы» аумағында тағы бір өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Абай ауданының өрт сөндіру қызметіне «Семей орманы» РМУ ГЛПР Новошульбі бөлімшесінің Орталық орман шаруашылығы учаскесінің аумағында орманды алқапта орман өрті орын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына «Семей орманы» ММ қызметкерлері, сондай-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары шықты. Орманшылар жалпы алаңы 0,03 гектар жерде құрғақ шөп жанып жатқанын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында кінәлі анықталды», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің сенбі күні таратқан хабарламасында.

Өрттің шығуына кінәлі тракторшы болып шықты.

«Трактор иесі, Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабының 3-бөлігі (Ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық ережелерді бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 184 600 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп түсіндірді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Пікірлер