Қазақстан арқылы Ресейге кіретін шетелдіктер шекарада саусақ іздерін сәйкестендіру қажет

1029
Adyrna.kz Telegram
Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Ресей шетелдіктердің елге кіруіне қатысты ережелерді өзгертті. Өзгеріс Қазақстан азаматтарына да әсер етеді. Бұл туралы Ресей Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, «Коммерсант» басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, ресми Мәскеу шетел азаматтарын елге кіргізу кезінде фото және саусақ іздерімен сәйкестендіру бойынша пилоттық жоба бастаған. Пилоттық жоба бастапқы кезеңде Мәскеу әуежайында және Қазақстанмен шекарадағы Орынбор облысында орналасқан Маштаково автомобиль өткізу пунктінде іске асырылады.

«Орынбор облысында Қазақстанмен шекарада орналасқан Маштаково автомобиль өткізу пунктінде 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Ресейге келетін шетелдік азаматтарды фото және дактилоскопиялық сәйкестендіру (саусақ іздері) бойынша экспериментті пилоттық жоба басталады. Процедура Мәскеудегі әуежайларда да қолданылады», – деп хабарлады «Коммерсант».

Пилоттық жоба әзірге эксперименталды түрде жүргізіледі. Тестілеуден өткеннен кейін, Ресей Ішкі істер министрлігі мен Федералды қауіпсіздік қызметі жобаны барлық шекаралық аймақта қолдануды жоспарлаған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Ресей Федерациясына ақша табу үшін келген шетелдіктер кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде немесе  жұмысқа рұқсат алу үшін өтініш берген кезде саусақ ізін тіркеуден және суретке түсіруден өтуі керек. Ұзақ мерзімге (90 күннен астам) басқа мақсаттарға келгендер мұны кірген күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде жасай алады.

Ресей Федерациясында жұмысқа рұқсатсыз немесе патентсіз жұмыс істеуге құқығы бар шетелдіктер еңбек шарты немесе жұмысты орындауға азаматтық-құқықтық шарт жасасқан күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, бірақ күнтізбелік 90 күннен кешіктірмей саусақ ізін және суретке түсіруден өтуі керек.

Пікірлер