Қазақстанның сыртқы қарызы 166,7 млрд долларға дейін өсті

2028
Adyrna.kz Telegram
Фото: naryk.kz
Фото: naryk.kz

Қазақстанның сыртқы қарызы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 166,7 млрд долларға дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2024 жылдың басымен салыстырғанда 3 миллиард долларға өсіп, 166,7 миллиард долларды құрады.

«Қазақстанның сыртқы қарызының 87,5%-ы – ұзақ мерзімді сыртқы қарызға тиесілі. Бұл бір жағынан өтімділік қаупін азайтса, екінші жағынан қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге нарықтық жағдайлардың өзгеруінің ықпалын күшейтеді. Қарыздың қаржылық құралдар түрлері бойынша құрылымында резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар басымдыққа ие (73,9%), ал резидент еместер қолындағы борыштық бағалы қағаздар 8,0%-ды қамтиды», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Еске салайық, Қазақстанның сыртқы қарызы 2023 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша 161,9 млрд долларды құраған.

Пікірлер