Зардап шеккендер бар. Мәскеудегі Wildberries кеңсесінің жанында атыс болды

944
Adyrna.kz Telegram
фото: Антон Новодережкин / Коммерсантъ
фото: Антон Новодережкин / Коммерсантъ

Мәскеудегі Wildberries кеңсесінің жанында атыс болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Бүгін Владислав Бакальчук, Сергей Ануфриев және Владимир Бакин бастаған бір топ адам Мәскеудегі Wildberries кеңселерін басып алмақ болды. Үшеуі жарақат алды, біз олардың жағдайын тексеріп жатырмыз», - деді Wildberries бас директоры Татьяна Бакальчук.

Оның айтуынша, бұл рейдерлердің басып алу әрекеті және шабуылдаушылар басшылықпен алдын ала келіссөздер жүргізбеген.

ТАСС агенттігі «Romanov Dvor» бизнес орталығындағы Wildberries кеңсесінің кіреберісінде атыс болып, бірнеше адам ұсталғанын хабарлады.

Сауда министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, 2023 жылдың соңына қарай Wildberries платформасында тіркелген қазақстандық сатушылардың саны жыл басынан бері 55 704-ті құрады. Қазақстанда франшиза арқылы 120-дан астам жаңа қабылдау пункттері ашылды (2024 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде өсім 20%-ды құрады).

Пікірлер