Көкшетауда мектеп дәретханаларына бейнебақылау камералары орнатылды

883
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Көкшетауда №6 мектеп-лицейінің дәретханаларына бейнебақылау камералардың орнатылуы, ата-аналардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

"№6 мектепте дәретханаларға камералар орнатылды. Бұл жантүршігерлік жағдай! Мектеп әкімшілігі қайда қарап отыр? Олар ата-аналардан рұқсат алған жоқ. Камера жоғары ілінген, кабинаның ішінде адамның бейнесі, басы көрінуі мүмкін," деп кейбір ата-аналар наразылықтарын білдірді.

Мектеп әкімшілігі бейнекамералар ұлдардың дәретханаларына оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылғанын және балалардың құпиялылық құқығын сақтау шартымен білім бөлімінің басшысымен алдын ала келісілгенін түсіндірді.

"Камералар кабиналардың ішкі кеңістігі бейнебақылау аймағына түспейтіндей етіп орнатылған. Мұндай шешімге бұзақылық фактілері, төбелес және жасөспірімдердің жанжалдасу оқиғалары себеп болды. 25 қарашаға сыныптардағы ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес өкілдерінің жиналысы белгіленді. Кездесу барысында балалардың құқықтарының бұзылмағанын растайтын бейнежазба көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Пікірлер