Қазақстан - Норвегия. Бір топ билеті бар жанкүйер стадионға кіре алмаған

974
Adyrna.kz Telegram

6 қыркүйек күні Алматы қаласында өткен Қазақстан-Норвегия матчына билеті бар бір топ жанкүйерлер кіре алмай, дау шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ойынның бірінші таймын сырттан тамашалаған бір топ билеті бар жұрт, ұйымдастырушылардың дайындығын сөкті:

“Міне, осындай бассыздық орын алуда. Билетті жұрт қатарлы сайттан сатып алдық. Ойынға ерте келдік. Бала-шағаммен жүрмін. Мына адамның бәрін неге кіргізбей, ұстап тұрғандарын түсіне алмадым. Ұят!”, – дейді жанкүйерлердің бірі.

Желі жұртшылығы да жағдайға пікір қалдырып, ойын кезінде тіпті бір орындықта екі адам отырған жайттар болғанын жеткізді.

“Шәй алуға шығып кеткенбіз, келсек бізді кіргізбей қойды. Кейін бір орынға екі адам отырдық”, “Билеттер бірінші күні-ақ бітіп кеткен. Алыпсатарлардың ісі”, “Билеті барлардың көбі кіре алмады”,  деді олар.

Блогер Артур Асқарұлы да ойынға федерацияның дайын емес екенін айтып, жанкүйерлердің жан айқайына жаны ашығанын жеткізді:

“Қазақстан масштабты ойындарға дайын емес. Ұят! Қаншама адам стадион сыртында тұр. Дайындық жоқ! Астана-Челси матчының қалай өтетінін елестету де қиын” деп сынады ол.

Еске салсақ, 6 қыркүйек күні Алматыда Қазақстан мен Норвегия арасында футболдан Ұлттық лига ойыны өтті. Ойын екі 00:00 есебімен аяқталды.

Пікірлер