ҚТЖ-да тепловоз машинистерінен құралған дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция департаментінің мәліметінше, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топ ұсталған.
Қаскүнемдер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді, – делінген хабарламада.
Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.