“Қызметкерлерін үйін салуға жұмсаған”. ТЖМ экс вице-министрі бес жылға сотталды

964
Adyrna.kz Telegram

Ақмола гарнизонының әскери соты төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеп. 

«Ол Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына жеке тұрғын үй құрылысына әскери қызметкерлер мен арнайы техника тарту туралы заңсыз нұсқау беріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының ресми өкілі. Данияр Биғайдаров брифингте.

Сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқаруға тыйым салып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Сот Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы президенттің атына ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Күлшімбаев 2023 жылдың тамыз айында қызметтен өз еркімен кеткен болатын.

Пікірлер