«Әділ болуын талап етеміз». Қазақстан Парижде бокс төрешілерінің үстінен шағым түсірді

1385
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/olympickz/Тұрар Қазанғапов
Фото: t.me/olympickz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті 1 тамыз күні өткен 63,5 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жектің нәтижесін анықтауды талап етіп, PBU-ға (Paris Boxing Unit) ресми түрде апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ҰОК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Қазақстанның ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегінің нәтижесіне апелляциялық шағым түсірді. Біз нәтижемен келіспейміз және ХОК-қа хабарлай отырып, PBU-дан түсініктеме талап еттік. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығу үшін маңызды жекпе-жекте жеңіске жетті.

Өткен матчтың нәтижесіне шолу жасау мүмкін емес екенін түсінеміз. Дегенмен, ең маңызды халықаралық жарысқа төрелік ету қалған спортшылар үшін әділ және бейтарап болуын талап етеміз», - деп түсіндірді ҚР ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР ҰОК қазақ боксшыларының жекпе-жектеріндегі жеке төрешілер санына қатысты ПБҰ-ға түсініктеме берген. Ол қарауға қабылданып, тергеу басталды.

Пікірлер