Тау-шаңғы курортында аспалы жол тросы үзіліп, спортшы жарақат алды

838
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazaqstan3d.kz
Фото: qazaqstan3d.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы тау-шаңғы курортында жаттығу кезінде аспалы жолдың тросы үзіліп, 2013 жылы туған спортшы иығынан жарақат алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді.

Оқиға 14 желтоқсан күні Глубокое ауданындағы демалыс базасында болған. Трос үзілісі салдарынан спортшылардың бірі жарақат алған соң, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

“Ауыр жарақат анықталмағанымен, спортшы толық медициналық тексеруден өту үшін Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына құқық қорғау органдары, Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов келген.

Трос үзілуінің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, мәселе облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.

Пікірлер