Нысана көздеу бойынша тағы бір мерген іріктеуден өте алмады

1143
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Париждегі Олимпиада ойындарында ел құрамасындағы тағы бір мерген іріктеуден өте алмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тапаншамен 25 метрге оқ атудан өткен іріктеуде қазақстандық спортшы Никита Чирюкин өнер көрсетті.

Ел намысын қорғауға шыққан Қазақстан құрамасының мергені 583 ұпаймен 10-орын алды.

Бірақ Париж Олимпиадасының шешуші сынға алты спортшы ғана жолдама алады.

Айта кетейік, бүгін Әсем Орынбай да жарыс жолын финалға жетпей аяқтады.

Пікірлер