“Қазақ боксшылары шаршаған” - сұхбат

3398
Adyrna.kz Telegram

“Адырна” ұлттық порталының ютуб арнасында жаңа сұхбат жарияланды. Ой-талқының кезекті қонағы — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов.

Ол 1997-2002 жылдар аралығында еліміздің ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. Білікті бапкердің тұсында отандық былғары қолғап шеберлері орасан зор табысқа қол жеткізді.

Ол Сидней Олимпиада ойындарында қазақтың 2 бірдей боксшысын әлемге танытты. Олар - Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибрагимов. Қазақ елінің көк байрағын желбіретті.

Одан бөлек, осы кісінің жетекшілігімен Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдабеков тәрізді мықты боксшылар олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

Тұрсынғали Еділов "Адырна" ұлттық порталына берген сұхбатында көптеген мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, спорт саласын діни ағымдардың жаулап алғаны сөз болды. Одан бөлек, жаттықтырушы боксшыларды жарыстан жарысқа қатыстырып, әбден шаршатқаны айтылды.

Толығырақ ютуб арнамыздан көре аласыздар.

 

Пікірлер