Қазақ ұлтын бейәдеп сөздермен балағаттаған ақмолалық ұсталды

1393
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында қазақтарды балағаттаған адам ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Полиция департаменті (ПД) Ақмола облысының тұрғынының ұсталғаны туралы хабарлады. Ол мас күйінде бейәдеп сөздер айтып, этностық балағат сөздерді қолданған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, әдепсіз сөздерге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары қаралып, тиісті шара қолдану үшін сотқа жолданды», - деп хабарлады сәрсенбі күні Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Желіде бұған дейін ер адамның қазақ ұлтының өкілдеріне балағат сөздер айтқан видеосы тараған болатын.

Пікірлер