Шұғыл! Ақмолада жоғалған бойжеткен әлі табылмады

1053
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ақмолада із-түзсіз жоғалған бойжеткен әлі табылмаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақмола облысы Қосшы қаласының полиция бөліміне 21 қазанда жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған қызы Сарсенова Дильназ Ерланқызы 19 қазанда таңертең үйден шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмағаны туралы айтқан болатын.

Полиция дерегінше, қыздың бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп, кейін оралғаны анықталған. Сонымен қатар, жасөспірім мүмкіндігі шектеулі жан.

Жоғалған қызды алдымен әкесі өз бетінше іздеп көрген. Кейіннен, нәтижесіз болған соң ата-анасы құқық қорғау органдарына жүгінген.

Қыз баланың бойы 150-155 сантиметр, арық, қоңыр түсті шашы иыққа дейін жетеді.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Дильназды іздестіруге көмектесуді сұрайды. Қыз туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан арнайы 102 нөміріне хабарласуларын өтінеді.

Пікірлер