Ақмолада жүк пойызы рельстен шығып кеткен

1128
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Ақмола облысында Сұрған стансасында жүк пойызы рельстен шығып кеткені анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚТЖ апаттың 9 қазан күні 17:40 шамасында болғанын хабарлады. Бүгін таңертең пойыз қозғалысы қалпына келтірілген.

Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған стансасында электровоз бен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Компания өкілдері оқиғаның себептерін тексеру үшін комиссия жіберілгенін мәлімдеді.

Желі оқырмандары оқиғаға қатысты “АЭС саламыз дейді ме?”, “Рельспен жүретін пойыздың өзін құлатып жатыр, біз автожолда авария көп дейміз”, “Адамдар сау ма?” деген сынды пікір білдірген.

Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің тарифі көтерілген болатын. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі теміржол жолаушылары тасымалының жол ақысы 20 пайызға қымбаттағанын айтқан.

Пікірлер