Тоқаев АЭС салу жобасын жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды

240
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Бұл туралы бүгін, 23 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.

«Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды. Одан бөлек, Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті»,—делінген хабарламада.

Пікірлер