Шағымданушы шабуылдаушы ретінде айыпталып қамалды

1851
Adyrna.kz Telegram
Фото; buzyq/t.me
Фото; buzyq/t.me

Әнші Қайрат Нұртастың экс-досы, жәбірленуші Асылбек Бекқайыров 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Сот қаулысымен Б., ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», делінген мәлімдемеде.

Сот 4 шілде күні Алматы-Астана рейсінің бортында Бекқайыровтың әдепсіз сөздер айтып, жанжалдасып, белгілі әнші Қайрат Нұртаспен төбелескенін анықтады.

Бекқайыровтың өзі кінәсін мойындаған жоқ.

Бұған дейін ұшақ бортындағы жанжалдан кейін әнші Қайрат Нұртасқа қатысты іс қозғалғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар,  Қайрат Нұртастың 15 тәулікке қамауға алынғанын айтылды.

Пікірлер