Жәбірленуші Қайрат Нұртасқа шағымы жоқ екенін айтты

508
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртастың ісі қаралды. Сот отырысы барысында жәбірленуші әншіге шағымы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қайрат Нұртастың ісіне қатысты сот отырысында жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

"Айдарбековпен арыз-шағым жоқ. Әкімшілік істі қысқартуды сұраймын", - деді ол.

Қайрат Нұртас сот алдында сөз сөйлеп, өзін айыппұлмен жазалауын сұрады.

"Қатты қателессем, кінәмді мойындаймын. Мені айыппұлмен жазаласаңыздар дұрыс болар еді. Сұранарым осы. Себебі алда талай концертім, талай тойым бар", - деді әнші.

Өнер иесінің адвокаты әкімшілік істі қысқартуды сұрады. Прокурор 434-бап Ұсақ бұзақылық бабы бойынша жаза тағайындауды, ал жеңіл жарақат салу бойынша істі судьяның қарауына қалдыруды сұрады.

Әншіні 15 тәулікке қамау туралы сот үкім шығарды.

Пікірлер