Қазақстан вице-премьері Қанат Бозымбаев журналистерге берген сұхбатында Ақтаудағы әуе апатынан 38 адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бозымбаев сондай-ақ, қаза тапқандардың денелері қатты күйіп кеткенін айтты. Сондықтан олардың жеке басын анықтау үшін бөлек процедура жүргізілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, вице-премьер 11 зардап шегушінің жансақтау бөлімінде екенін жеткізді.
Зардап шеккендер арасында 15 Әзербайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы бар. Тағы үш адамның азаматтығы нақтылануда.
Алдын ала ақпарат бойынша, бортта болған Қазақстанның алты азаматы қаза болған.