Апелляция Қаржаубай Нұрымовтың 15 тәуліктік қамауын өзгерте алмады

874
Adyrna.kz Telegram

Бұзақылық үшін деген айыппен 15 тәулікке қамалған Қаржаубай Нұрымовқа апелляциялық соттың шешімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Алматы облысының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы қаулыны өзгеріссіз қалдырды. Яғни, Қаржаубай адвокаттарының шағымын қанағаттандырмады. Бұл Қаржаубай Нұрымов қамауда 15 күн өткізетінін білдіреді. Қаржаубайдың адвокаттары ер адамның отбасылық жағдайларға байланысты қатты эмоционалды толқуды бастан өткергенін ескеруді сұраған. Алайда сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Ауырлататын мән - жайлар болмаған және жеңілдететін жағдайлар болған кезде, осы құқық бұзушылық үшін көзделген ең жоғары жаза қолданылды. Бұл жағдайда 15 тәулік мерзімге қамауға алу істің мән-жайларын ескере отырып, тым қатал және тепе-тең емес, делінген шағым құжатында

Жеңілдететін жағдайлар ретінде мыналар келтірілді: 

  •  ұлының қазасы;
  • туған інісінің қайтыс болуы;
  • мүлікті (тұрғын үйді) жанып кетуі;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақты назары;
  • ұлының қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттеріне күнделікті қатысу.

Еске сала кетейік,  қамауға алынған Нұрымовтың жағдайы жақсармаған соң шұғыл түрде  Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасына жеткізілген.

Сондай-ақ, Алматы облысының полиция департаменті оның інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасына байланысты сот-медициналық сараптамасының алдын-ала болжамын жариялаған еді. Ондағы жеке мәліметтерді көпшілікке жариялауға марқұмның жанұясы рұқсат етпеген. Нұрқанаттың қазасына орай полиция таратқан мәліметтер өлімнің себебін марқұмнның өзінен іздестіру бағытында болған. Мұның алдында Қаржаубай Нұрымовтың ұлы Шерзат Болат дүкенде жанжал тудырған қаскүнемдер қолынан қаза тапқан. Күдіктілер ұсталып, тергеу жүріп жатыр.   

Пікірлер