Ресейлік Telegram иесі Павел Дуров Қазақстанда не істеп жүр?

1503
Adyrna.kz Telegram
Фото: esquire.kz
Фото: esquire.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев  ресейлік Telegram қосымшасының негізін қалаушы Павел Дуровтың Қазақстанға не үшін келгенін айтты. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысы алдында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Павел Дуров осында жүр, Қазақстанды көргісі келеді. Өзге қалаларда да (Астанадан басқа – ред.) болуы мүмкін. Қазір жоспарды пысықтап жатырмыз. Өте қызығушылықпен келіпті. Бұйырса, келешекте табысты жобаларды іске асырамыз деп ойлаймын. Әзірше қазір нақты жобалар туралы ештеңе айта алмаймын. Бірақ оған Қазақстанның ұнауы үшін, бұл жақтан бірлескен технологиялық бойынша үлкен келешек көруі үшін бәрін жасаймыз. Жұмыс істейміз», - деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысы алдында.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда Павел Дуров негізін қабылдаған қосымшасын 10 миллионнан астам адам қолданатынын айтты.

Айта кетсек, бұған дейін Павел Дуров Франция азаматтығын алғанын жариялап, жаз бойы Орталық Азияға баратынын айтқан еді.

Бұған дейін Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Павел Дуровты Қазақстанға шақырған болатын.

Бірнеше апта бұрын қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары оның Ыстықкөлге барғанын хабарлаған. Кеше, 27 маусымда ол Астанаға келген.

 

Пікірлер