Қазақстанның ҰҚК қызметкері қырғыз көкпаршысына қысым көрсеткен бе?

1374
Adyrna.kz Telegram
Фото: ulttyqatsport.kz
Фото: ulttyqatsport.kz

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның көкпар құрамасының ойыншысы тарапынан жасалған айыптауларды жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметшісі қырғыз көпаршысына қысым көрсеткені туралы ақпарат тарады. Осыған орай ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қырғызстанның көкпар құрамасының ойыншысына ҰҚК қызметкері тарапынан қысым жасалғаны туралы ақпарат таралды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген комитеттің баспасөз қызметінің хабарламада.

ҰҚК қызметкерлері көшпенділер ойындары кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатыспағаны да айтылды.

Айта кетсек, бұған  дейін Қырғызстанның жанкүйерлері Астанадағы көкпардың төрелігіне наразылық білдірген болатын. Сондай-ақ, Қырғызстанның көк-бөрі федерациясы Қазақстан құрамасына қарсы нәтижеге байланысты шағым түсіргені туралы хабарланды.

Пікірлер