«Екінші Отаным». Әдиев Қазақстанға оралу туралы мәлімдеме жасады

1610
Adyrna.kz Telegram

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Әдиев Қазақстанды өзінің екінші отаны деп атап, өзінің қайтып оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Станислав Черчесовтің тағайындалғанын хабарлаған болатын. Әдиев оның кетуіне қатысты пікір білдірді.

«Қазір біз өзімізді дағдарысқа қарсы тұрған менеджерлер ретінде көрсеттік, бірақ бұл келер жылдың алдында аса маңызды емес, мен үшін келер жыл жаттықтырушы ретінде маңызды. Мен ұзақ уақыт бойы РПЛ-дағы жоғары деңгейдегі жаттықтыруш ретінде жақсы нәтиже көрсете аламын ба, деген сұрақ бар. Мен мұны орташа деңгейдегі жаттықтырушы ретінде жасай алатынымды көрсеттім. Енді мен үшін маңыздысы - жаңа қадам. Мен ешқашан Қазақстанға оралмайтынымды жоққа шығармаймын, бұл менің екінші Отаным», - дейді ол өзінің “Спорт Шрёднгера” арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 7 және 11 маусымда Қазақстан құрамасы Армения және Әзірбайжан құрамаларымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойындарға команданы кім дайындайтыны белгісіз.

 

Пікірлер