«Менің қателескенімді білдіреді». Черчесов қазақ тіліне қатысты "әзіл" деп түсіндірген әрекетіне пікір білдірді

1259
Adyrna.kz Telegram
Фото: © Reuters
Фото: © Reuters

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов «СЭ» басылымына берген сұхбатында баспасөз мәслихатында қазақстандық журналиске айтқан "әзіл" деп түсіндірген әрекетіне қатысты пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Черчесов бұған қатысты алғаш рет пікір білдірді.

«Мен көпшілік алдында сөйлеген сайын, нені айтып тұрғанымды түсінемін. Егер олар менің әзілімді түсінбесе, бұл менің қателескенімді білдіреді», - деді Черчесов.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасы аясында Словениямен өткен мачтан кейінгі баспасөз конференциясында журналист Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған еді. Алайда бас бапкер «Сен қай тілде сөйлеп тұрсың – французша ма?» деп әзілдеген сыңай танытты. Осыдан кейін ел парламентінің депутаттары жағдайға тоқталып, Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге келгендер қазақ тілін құрметтеу керектігін айтты. Нәтижесінде бапкерге айыппұл салынды.

Черчесовтың басшылығымен ұлттық құрама төрт матч өткізді. Олардың біреуі тең нәтижемен аяқталса, қалған үшеуінде жеңіліске ұшырады.

Пікірлер