Испания құрамасы төртінші мәрте Еуропа чемпионы атанды

1684
Adyrna.kz Telegram
Фото: AFP
Фото: AFP

Испания құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

15 шілде күні Еуро-2024 турнирінің финалдық ойынында Испания мен Англия құрамалары күш сынасты.

Германияның Берлин қаласында өткен финалдық кездесуде Испания құрамасы Англия құрамасынан 2:1 есебімен басым түсіп, Еуро-2024 турнирінің чемпионы атанды.

Алғашқы таймда есеп ашылмағанмен, екінші таймның 47 минутында Испания құрамасы гол соғып, алға шықты.

Англия да үздіксіз шабуылға шығып, 73-минутта Коул Палмер есепті теңестірді. Алайда 86-минутта испаниялық ойыншы Микель Оярсабаль гол соқты. Осылайша Испания өзінің тарихында төртінші рет Еуропа чемпионы атанды.

Ал Англия құрамасы екінші рет Еуропа чемпионатының финалында жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетейік, Испания құрамасы 1964, 2008 және 2012 жылы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

Пікірлер