Бишімбаев ісінің жаңғырығы. Экс-министрдің адвокатына шағым түсті

1559
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаеваның адвокатқа қатысты шағымы бойынша шешім шығарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сәуір айында әйелін өлтірді деп істі болған Бишімбаевқа қатысты сот отырысында судья Құлбаева қорғаушыларға, дәлірек, адвокат Ерлан Ғазымжановқа бірнеше рет сөгіс жариялаған болатын.

Айжан Құлбаева 15 сәуірде Ерлан Ғазымжановқа қатысты жеке қаулы шығарды. Ол Астана қаласы адвокаттар алқасының қарауына және шешім қабылдауына жіберілген.

28 мамырда сот адвокат Ерлан Ғазымжановқа қатысты жеке шағымды қарады. Қорғаушы шешім шығаруда жеке қаулының заңсыз екенін айтып, оның күшін жоюды сұраған.

Қорғаушының айтуынша, адвокат сотты құрметтемеді, процестің басқа қатысушыларының сөзін бөлді, басқа қорғаушылармен, судьяның талаптарына бағынбады, дауыс көтерді  деп айыпталды.

Ғазымжановтың мүддесін Қуандық Бишімбаевты қорғағаған қос әріптесі Назкен Құсайынова мен Лейла Рамазанова қорғағаны анықталды. Екі адвокат та Ғазымжановтың үстінен түскен шағыммен келіспейтінін жеткізген.

"Бұл жағдайда мен адвокатқа қатысты жеке шешімді қорғауға жасалған қысым деп білемін, бізге қазірдің өзінде қоғам мен БАҚ тарапынан қысым көрсетілуде, бұл жерде сот та қорқытып отыр.  Бізге бұл жағдайда сот төрелігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Олардың сөзін бұзған мен емес, сөз сөйлеуге рұқсат алғандар бұзды және менімен бірге бірдеңе айта бастағандар", – деді Ерлан Ғазымжанов.

Ал прокурор Думан Қайратұлы судья Айжан Құлбаеваның ұстанымын қолдайтынын мәлімдеген. Судья Элеонора Оңғарсынованың шешімімен Ғазымжановқа қатысты шығарылған жеке ұйғарым өзгеріссіз қалдырылды.

Ал бұған дейін адвокат Ғазымжанов өзіне әлдекімнің қоқан-лоқы көрсетіп жүргені бойынша арызданған. Қазір сотқа дейінгі тергеуді Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция бөлімі жүргізеді.

"Белгісіз тұлғалардың қорқытуы бойынша Қылмыстық кодекстің 409-бабының 2-бөлігі (Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруге байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деп хабарлады ІІМ.

Қазір істің барлық мән-жайын толық және жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Пікірлер