Астананың Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Айтбек Амангелдінің Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығынды өндіру және моральдық шығынды өтеу туралы талап арызы бойынша істі қарады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талаптар соңғы үкіммен дәлелденген, оған сәйкес жауапкер талапкердің әпкесін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.
"Ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығы нашарлағанын және қайғылы оқиғаға байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын көрсеткен. Марқұмның ата-анасы талап қоюшының пайдасына өндіруден бас тартқан. Талап қоюда қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындар да талап етілді. Сот жақын туысының қайтыс болуы талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талапты ішінара қанағаттандырды", – деп жазылған хабарламада.
Бишімбаевқа қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге шығын мен 10 миллион теңге моральдық шығынды өтеу туралы айып тағылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.