Бишімбаевты ұстаған екі полиция қызметкері жауапқа тартылды

1352
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Әйелін өлтірді деп сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевты қылмыс орнында ұстаған полиция қызметкерлері жауапқа тартылды. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Астана патрульдік полиция полкінің инспекторына қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін сөгіс жарияланған.

Ол экс-министрді ұстаған кезде «Ол өзі мазаңды алған шығар?» деп сұраған. Осы әңгіме видеоға түсіп қалған.

Осы видео сотта көрсетіліп, Астана полиция департаменті қызметтік тексеру бастаған. Қызметкер қатаң сөгіс алды.

Екінші қызметкер қоғамдық орынды ластағаны үшін жазаланды. Ол көшеде тұрғанда жерге түкірген.

«ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 19, 56-57-баптарына, сондай-ақ қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін (Қоғамдық орындарды ластау) Астана қаласы ІІБ Есіл ауданының жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, өзінің азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталып, сот ісі ашық жүргізілген бұрынғы Ұлттық экономика мининстрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға және оның туысы Бақытжан Байжановқа 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Пікірлер