Каддафидің ұлы Ливия президенттігіне таласпақ

2071
Adyrna.kz Telegram

Ливияның биліктен қуылған көшбасшысы Муаммар Каддафидің екінші ұлы Сейф әл-Ислам елде желтоқсан айының соңында өтетін президенттік сайлауға өз кандидатурасын тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

49 жастағы Сейф әл-Ислам кезінде Каддафидің ресми қызметке тұру туралы ұсынысын көпшілік алдында қабылдамады, бірақ ол іс жүзінде премьер-министр қызметін атқарды.

Каддафи режимі құлатылғанға дейін ол оның мұрагері болып саналды. Сейф әл-Ислам Каддафи 2011 жылы әкесіне қарсы көтерілісті аяусыз басуға тікелей қатысқан. Гаагадағы халықаралық трибуналда оны адамзатқа қарсы қылмыстар: кісі өлтіру және қудалау деген екі айып бойынша қамауға алу ордері әлі де бар.

Айта кетейік, тамыз айында БҰҰ қолдаған Триполи Үкіметінің өкілі Ливия прокуроры Мохаммед Гаруда "Вагнер"жеке әскери компаниясының ресейлік жалдамалыларына қатысты айыппен қамауға алуға ордер берді. Мұның алдында 2019 жылы бұл жалдамалылардың Ливиядағы әскери қылмыстарға қатысуы туралы  BBC арнайы журналистік зерттеу жүргізген болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер