АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлада Конгресстің келісімінсіз әскери операция жүргізгені үшін импичмент жариялауы тиіс. Мұндай үндеуді Мэриленд штатынан сайланған конгрессмен Эйприл Делэйни жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оның айтуынша, Трамп шабуыл жасамас бұрын Конгресстен рұқсат алуы қажет еді, алайда ол мұны орындамаған.
«Президенттің тағы да өз өкілеттігі шегінен шығып, тепе-теңдік жүйесін бұзып жатқанын көре тұра үнсіз қала алмаймын. Біздің демократиялық фракция жақын арада импичмент рәсімін бастау мәселесін қарауы тиіс деп есептеймін», — деді Делэйни.
Трамп әкімшілігінде Венесуэлада жүргізілген операция ордерді орындау сипатында болғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл іс-қимыл АҚШ президентінің бас қолбасшы ретіндегі өкілеттігі аясында жүзеге асырылған.
Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Қарулы күштері Венесуэла астанасындағы және ел аумағындағы нысандарға әуе соққыларын жасаған еді. Венесуэла президенті Николас Мадуробірінші ханым Силия Флореспен бірге ұсталып, елден шығарылған.