«Ақ жол» Ұлттық қор қаражатымен тым еркін қарым-қатынасты шектеуге шақырады

4798
Adyrna.kz Telegram

«Ақ жол» демократиялық партиясы он жыл бойы Ұлттық қор қаражатымен тым еркін қарым-қатынасты шектеуге шақырып келуде.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық қорға түсімдер 3 есеге қысқарды (2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда), дегенмен биылғы жылы мұнай бағасы көптеген жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткішке жетті.

Есеп комитетінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық қордың шығыстарының көлемі түсімдерден асып түсті. Біз өзге адамдардың, яғни, әлі өмірге келмеген ұрпақтың ақшасын жұмсап жатырмыз.

Бұл ретте, Есеп комитетінің тексерулерінің нәтижелері бойынша 1 трлн теңге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

Құрметті аудиторлар мен тәртіп сақшылары, енді осындай істер үшін жай соттап ғана қоймай, бәлкім, жауаптылардың қолдарын шауып тастау керек шығар. Образды түрде айтқанда, әрине.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық қордың қаражатын басқаруды реттейтін нормативтік құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қарызды тарту және өтеу тәртібін қайта қарау қажет деп санайды.

Егер Үкімет бұл теріс болжамдарды алдын-ала ескерту ретінде және осындай оқиғалардың алдын-алу үшін күш-жігерді жұмылдыру мақсатында жасаса, біз осы бағыттағы іс-қимыл жоспарын ұсынуды сұраймыз.

Жалпы, «Ақ жол» демократиялық партиясы парламентте бюджетті ғана емес, оның жұмысын жұмсалған қаражат бойынша емес, нақты міндеттерге қол жеткізу бойынша бағалау үшін Үкіметтің ұқсас кезеңге арналған іс-қимыл бағдарламасын да қарауды және бекітуді ұсынады.

Егер индикаторлардың мұндай ауытқулары дағдарыстан кейінгі қалпына келтіружағдайында қауіпті емес және еңсерілмейтін болып саналса, онда бұл құжаттарды қайта қарау аясында Үкіметке оның саяси жауапкершілігіне үлкен икемділік беру қажет.

Біз осы күнге дейін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін төмендету, екінші деңгейлі банктердің пайызын төмендету және бизнесті қолжетімді қаржыландыру қажеттілігін талап етіп келеміз.

Біздің фракциямыздың депутаттары базалық мөлшерлеменің көтерілуі Қазақстанның өз өндірісінің тиімсіз болуына, импортқа тәуелділіктің және инфляциялық процестердің ұлғаюына алып келетінін атап өтті, осы жағдайды біз бүгінде байқап отырмыз.

Жауап ретінде бізге депозиттер иелерінің мүдделеріне қысым жасалғаны туралы мәлімдеуде. Бірақ шын мәнінде, бүгінде банктер нарықтан түскен қаражатқа емес, мемлекеттік ақшаға немесе квазимемлекеттік кәсіпорындардың қаражатына билік етеді. Және дәл пайыздардың жеткіліксіздігіне байланысты несие бойынша қарыз сомасы ақылға қонымды мөлшерден асып кетеді және кәсіпорындарды рейдерлік басып алуға әкеледі, ал отбасылар жас балаларымен бірге жалғыз тұрғын үйлерінен қуылады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасында қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне нұқсан келуде. Бүгінде банктер экономиканың нақты секторын кредиттеуден, импортты кредиттеп және инфляцияны ілгерілете отырып, тұтынушылық кредиттерге көшуі кездейсоқ емес.

Себебі, елде ауыртпалықсыз мүлкі бар және қарызды өтеуде проблемалары жоқ бизнес күннен-күнге азайып жатыр.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің деректері бойынша, ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 35 трлн теңгені құрайды, оның ішінде заңды тұлғаларға, яғни экономикаға кредиттерге 20,6 % (немесе 7,2 трлн теңге) бағытталды, жеке тұлғаларға берілетін кредиттерге - 26,3% (9,2 трлн тг) ал банк активтерінің 53%-ы бағалы қағаздарға орналастырылған және экономикаға жұмыс істемейді.

Міне, Ұлттық банк саясатының нәтижесі, банктерге экономика мен өндірісті қаржыландырудан гөрі активтердің жартысынан көбін қалыпты ноталарда ұстау тиімдірек екен.

«Ақ жол» демократиялық партиясы

Пікірлер