Әскерилердің жалақысы тағы да өседі

126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jFet0gue7HqWcF3tqalmHBbk1hZr2Pg7axnS5nZD.jpg

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап офицерлер, сержанттар мен қатардағы әскерилердің жалақысы тағы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Министрліктің ақпаратынша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап офицерлік құрамның жалақысы орта есеппен 20,3%-ға, ал қатардағы және сержанттық құрамдікі 33,9 пайызға артқан. Сонымен қатар 1 шілдеден бастап бұрын жойылған далалық төлемдер жүйесі қайта енгізілді. Яғни әскери қызметшілерге дала, теңіз жорықтарына және оқу-жаттығуларға қатысқан әрбір тәулік үшін іссапар рәсімдемей-ақ, 1,2 АЕК мөлшерінде ақша төлене бастады.

«Алдағы уақытта да қосымша өзгерістер жоспарланған. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі іске асады. Яғни, офицерлер үшін тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрам үшін бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға өсіру көзделген», - делінген хабарламада.

Пікірлер