Алматыда крематорий іске қосылады

221
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Kfk27U8lW1CbgpMjwTTtTGgl8z00MHSaV3Aw8yVS.jpg

Алматыда алғашқы крематорийді ашуға дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Мәлімете сүйенсек, 2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің типтік жерлеу ережелері мен қабірді күту ісін ұйымдастыру тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы тіркелген.

"Жаңа ережелер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз жасайды және Қазақстанда кремацияны алғаш рет заң деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді", – делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий барлық санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып жұмысын бастайды.

Қазіргі таңда қала патологоанатомиялық бюросының қадағалау кеңесі арқылы кремация қызметтерінің баға тізбесі бекітілу үстінде. Қызметтердің тарифтері мен көрсетілу тәртібі ресми сайтта жарияланатын болады.

Қалалық крематорийді салу жоспарлары алғаш рет 2020 жылғы жазда жарияланған.

Құрылыс аяқталғаннан кейін оның іске қосылу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді. Әкімдік бұл жағдайды түсіндіріп, 2024 жылдың соңында объекті пайдалануға берілгеннен кейін оның соңғы баланстық иесін анықтау мәселесі туындағанын, өйткені крематорийлер қызметін реттейтін санитарлық ережелерде тиісті нормалар болмағанын хабарлаған еді.

Пікірлер