Тараз маңындағы жарылыстан кейін такси жүргізушілері адамдарды 35 мың теңгеге тасыған, деп хабарлайды "Адырна".
Такси жүргізушілері Тараз маңындағы жарылыстар кезінде қорқып, үйлерінен шығып, жақын маңдағы елді мекендерге жетуге тырысқан жолаушылардан үлкен ақша сұрады.
Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасында айтылды.
"Дүрбелең болды. Бағаны әркім ойлағанынша қойды. Бағалар көтерілді, адамдар наразылық білдірді. Таңертең олар келіп: машина 30 000, 35 000 теңге дейді. Біз 10 мыңға жүреміз. Бұл біз үшін ұят", дейді жүргізуші Нұрбек Бексұлтанов.
Кей такси жүргізушілері аумалы-төкпелі заматта елге көмек көрсетіп, халықты тегін тасымалдады.
"Адырна" ұлттық порталы