Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы пара алу кезінде ұсталды

286
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық экология департаментінің басшысын пара алу кезінде ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Антикордың мәліметінше, шенеунік кәсіпкерден экология саласында рұқсат беру құжаттарын алу үшін 2,5 миллион теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінді.

"8 қаңтарда сот санкциясымен ол қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, басқа тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде", – делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін, 2024 жылдың 26 тамызында, осы басшы бизнесті қорғау жобасы аясында кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сол кезде ол кәсіпкерге қоршаған ортаны қорғау шараларын орындау жоспары бойынша тоқсан сайын есеп беру туралы заңсыз талап қойған.

Пікірлер