Исламабадтағы мешітте жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты

84
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Bz5KSznzBnCDrkwXykrCI5b0r9v5QzV8KBMdjfHn.webp

Бүгін, 6 ақпанда Исламабад орталығындағы мешітте қуатты жарылыс болып, 30-дан астам адамның өмірін қиды, деп хабарлайды “Адырна”.

Dawn.com мәліметінше, жарылыс астананың Тарлай ауданындағы мешіттердің бірінде болды.

«Имам Баргах мешітінде жұма намазы кезінде болған жарылыс салдарынан кемінде 31 адам қаза тауып, 169 адам жараланды», – деді аудан әкімшілігінің өкілі.

Жарылыс орны толықтай қауіпсіздік қызметі қызметкерлерімен қоршалған.

Полиция өкілі Таки Джавад барлық белгілердің өзін-өзі жарған террористтің ісі екенін көрсететінін айтты.

Зардап шеккендер жеткізілген ауруханаларда төтенше жағдай режімі енгізіліп, жергілікті тұрғындарға қан тапсыруға шақыру жасалды.

Сондай-ақ, басылым хабарлағандай, шабуыл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің екі күндік ресми сапары кезінде болған.

Парламент істері министрі Тарик Фазал Чаудхри жарылысты айыптап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

 

Пікірлер