Дәл қазір Кабулден 150 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан Панджшер жазығында Талибан радикалды жасақтары мен Ахмад Масуд әсукрлерінің арасында қақтығыс басталды. 1990 жылы дәл осы жерде Ахмад Масудтың әкесі, даңқты ауған әскери қолбасшысы Ахмад Шах Масуд Талибандармен қақтығысқа түскен еді. Дәл қазір кезек оның баласының басына келіп отыр.
Ахмад Масуд қазір Талибан радикалды қозғалысының өкілдері үшін көздің құртындай болып отыр. Оның командасына бүгін Панджшер жазығының вице-президенті Амрулла Салех пен Қорғаныс саласының экс-министрі Бисмилла Мохаммад келіп қосылды.
Амрулла Салех өзін қазір Ауғанстанның қашып кеткен президенті Ашраф Ғанидың орнындағы уақытша басшымын деп жариялады. Бүгінгі твиттердегі жазбасында: «Тәліптер Панджшерге басып кірді, онымен қоймай олар Андараб жазығына да жетуі мүмкін. Осы жолы кімдердің зиян шегетінін көзденіңмен көресіңдер. Біз Салаган тас жолын жауып тастадық» деп мәлімдеді.
Ахмад Масуд пен оның жақтастары Талибанмен келісімге келетін болып шешім жасамақ болып еді, бірақ Масудтың жақтастары ақырына дейін соғысамыз деп бекініп отыр. Қазір Ахмад Масудтың қатарындағы Талибан радикалды қозғалысына қарсы соғысуға дайын отырған 6000 сарбаздың ішінде тәліптердің Масудқа берілген жасақтары, пуштундар, тәжіктер де бар.
Дегенмен ауған сарбаздары мен Талибандардың арасындағы күш тең емес. Ахмад Масудтың сарбаздарына тәуелсіздік үшін қақтығыстарды ерлікпен атқаруына тура келіп тұр. Масуд қазір сарбаздарын ұлы күрес жолында рухтандырумен келеді.
Бекболат ҚАРЖАН,
«Адырна» ұлттық порталы