Тәліптер Алматыға келе жатыр

936
Adyrna.kz Telegram

 Алматыға тәліптер келе жатыр. Бұл туралы Ауғанстанның Tolonews басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресурс мәліметіне сәйкес, олар Алматыда көрме өткізуді жоспарлап отыр. Ауған көрмесі шамамен 20 күннен кейін ұйымдастырылады.

«Ауғанстан делегациясының Қазақстанға сапары аясында Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден астам кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынатын ауқымды бизнес-форум өтеді», - делінген хабарламада.

 Ауғанстанның Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуруддин Азизидің айтуынша, Қазақстанның ірі қаласына көрмеге шамамен 300 делегат келеді. Олардың қатарында Ауғанстан билігінің өкілдері мен кәсіпкерлер болады.

«Егер компания немесе ел өз өнімін әлемдік нарықтарда таныстырғысы келсе, көрмелерге қатысуы қажет. Бұл көрме Қазақстанда өте маңызды», – деп атап өтті Ауғанстанның Сауда-инвестициялық палатасының директорлар кеңесінің мүшесі Ханжан Алокозай.

Ауғанстан бұған дейін осындай көрмелерді Өзбекстанда, Түрікменстанда және Қытайда өткізген. Қытай Халық Республикасында ол жақында ғана (шілде айының соңында) өтіп, алты күнге созылды.

Пікірлер